object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 06:25:47.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ТМД-ның үздік студенттері

Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институтының «Тарих» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Ақбота Аңсағанова ТМД елдерінің үздік студенттерінің бірі атанды. Ақботаға бұл атақ «Genius» Халықаралық спорт, білім және ғылым орталығы ұйымдастырған «ХХІ ғасырдағы білім және ғылым» халықаралық конференциясы аясында берілді. Жеңімпаздар ТМД-ның «Үздік студенті» және «Үздік жас ғалымы» байқауларының нәтижесі бойынша анықталды. Марапаттау рәсімінде «Жас Қыран» кітабының тұсаукесері өтті. Оған ТМД-ның үздік студенттері мен жас ғалымдарының есімдері енеді. Кітапқа Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының студенті Ақбота Аңсағанованың өмірбаяны да енеді. ТМД-ның үздік студенттерінің қатарында «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 4 курс студенті Диана Темірханова да бар. Сондай-ақ Диана мен Әліби Әмірғалиев Go Viral -дың амбассадоры атанды және олар Алматыда өтетін Орталық Азия елдерінің фестиваліне Қостанай қаласының атынан қатысатын болады.

GoViral - бұл АҚШ, Орталық Азия мен Шығыс Еуропаның жетекші трендтерінен медиа, бизнес, мәдениет және технологиялар саласындағы дәрістер, семинарлар, панельдік пікірталастар, фильмдер көрсетілімдері, концерттер және басқа іс-шараларды қамтитын фестиваль.

GoViral-бұл аймақтық пікір көшбасшылары, жаңашылдар мен шығармашылық адамдар арасындағы идеяларды бөлісу және оларды жүзеге асыру, сонымен қатар қоғамдастықтың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған нетворкинг қауымдастығы.

Амбассадорлардың міндеті – жыл сайынғы фестивальға қатысу, биыл ол 2021 жылдың 11 мен 20 маусымы аралығында гибридті форматта, кейбір іс-шаралар оффлайн режимде, ал кейбіреулері онлайн режимде өтеді. Фестиваль аяқталғаннан кейін олар жаңа технологиялар, стартаптар туралы білімдерімен қостанайлықтармен бөліседі.

Қабылдау комиссиясы