ҚӨУ-де шетелдік ғалымдардың белсенді жұмысы жалғасуда.
Университеттің ветеринарлық медицина кафедрасына және қолданбалы биотехнология ғылыми-зерттеу институтына паразитолог-ғалым, PhD докторы Ahmet Onur Girisgin (Uludag University, Түркия) келді.
Ғалым студенттерге жануарлардың паразитарлық ауруларын диагностикалау мен алдын алудың заманауи тәсілдері тақырыбында дәрістер циклін өткізді.
Әсіресе әлемдік ветеринарлық паразитологиядағы өзекті үрдістер мен инновациялық зерттеулерді енгізу мәселелеріне баса назар аударды.
Магистранттар мен докторанттармен кездесуде бірлескен зерттеулер мен ғылыми тәжірибе алмасу талқыланды.
Қостанайдағы «Арғымақ» ипподромында мейманға аймақтың ат спорты кешенінің мүмкіндіктері таныстырылды.
Сондай-ақ ғалым асыл тұқымды жылқы өсіру мен спорттық атбегілікке арналған семинар жұмысына қатысып, өз ой-пікірін ортаға салды.
Доктор Girisgin-нің бұл сапары халықаралық ғылыми байланысты нығайтудағы маңызды қадам болып, Қазақстан мен Түркия арасындағы ветеринария ғылымы саласындағы ынтымақтастықты дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашты.