object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 10:23:25.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ТАРИХШЫЛАР ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДАН 3-ОРЫНМЕН ОРАЛДЫ

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультеті 6В01601–«Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша «Қазақ» газеті және ұлттық тарих («Қазақ» газетінің 110-жылдығына орай)  атты XIV Республикалық студенттер олимпиадасын өткізді.

Бес турдан тұратын олимпиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен 17 команда қатысты. Бұл қатарда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің тарихшылары да болды.

Бірінші турда  әрбір команда өздерін таныстырды.  Екінші турда команда жоба жұмысын қорғады. Үшінші  турда команда капитаны эссе жазды,  ал қалған команда мүшелері төртінші турдың тапсырмаларын орындады, пән бойынша тест сұрақтарына топ болып жауап берді.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Тобыл ойшылы» командасы бес тур бойынша 125.6 ұпай жинап, жүлделі 3-орынды жеңіп алды.  Команда дипломмен марапатталды және әрбір қатысушыға сертификат пен команда жетекшілері PhD доктор, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Рауан Байдалы мен аға оқытушы, тарих магистрі Толқын Ерішеваға Алғыс хат табысталды.

Болашақ мектеп мұғалімдері, 6В01601–«Тарих» білім беру бағдарламасының студенттері Ораз Жантасовты (команда капитаны), Жүсіп Кошпаев пен Әсем Мұхамадиеваны, сондай-ақ Жанбосын Абылхайырды жүлделерімен құттықтаймыз, сәттілік әрқашан серіктеріңіз болсын!

Қабылдау комиссиясы