object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 10:29:45.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Танымал блогермен кездесу

Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының студенттері «По улицам» жобасының авторы Геннадий Ипатовпен кездесті. Кездесу «Журналистика» ББ 4 курс студенттері үшін «Деректі фильмдер түсіру» пәні аясында өтті.

Геннадий Ипатов Қостанай облысында блогер, жоба жетекшісі, жастар бастамаларының қатысушысы және көшбасшысы ретінде танымал. Сонымен қатар, ол «По улицам» қазақстандық YouTube жобасының авторы. Жобаның түсіру тобы Қазақстанды аралап, Қостанай облысы мен Қазақстанның қалаларының, ауылдарының және курорттық аймақтарының жағдайын көрсетеді.

Студенттерге кездесу ұнады, олар диалогқа қатысты, «По улицам» жобасын құру және дамыту туралы мәліметтермен танысты. Кездесудің мақсаты – деректі контентті жасайтын аймақтық авторлардың жарнаманы, бейнероликтерді қалай дамытып жатқанын анықтау. «Деректі фильмдер түсіру» пәнін оқитын студенттерге блогердің әлеуметтік контент жасаудағы тәжірибесі өте пайдалы болды.

Кездесу барысында Геннадий жобаның қалай құрылғаны, қаржыландыру мәселесі, шабыттың қалай келетіні туралы және өзін-өзі позициялау мүмкіндігі жайында айтты. Сондай-ақ студенттерге өзін тұлға ретінде дамыту, өз қалауы бойынша жұмыс істеу үшін шетелге және үлкен қалаларға барудың қажеті жоқ екенін, ынта мен жігер болса, бәріне қол жеткізуге болатынын айтты.

Қабылдау комиссиясы