object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 07:32:10.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Тәжірибелі журналист мамандармен өткен онлайн-кездесулер

«TengriTV» қазақстандық онлайн-телевизиясының тілшісі және продюсері Ирина Грибовская «Мультимедиялық журналистика» пәнінің аясында Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының студенттерімен кездесті. Ирина Қазақстандағы алғашқы онлайн теледидардың құрылуы туралы, үлкен қаладағы журналистика мен кішігірім қалалардағы журналистік жұмысты салыстырды. 3 курс студенттері қонаққа сұрақтар қойып, тәжірибелі продюсерден өздерінің әлеуметтік желілерде жүргізетін айдарлары туралы кеңес сұрады.

Ирина Грибовская - Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының түлегі. Жақында Ирина продюсер және режиссер ретінде жұмыс істеген бірнеше киножобалар жарыққа шығады - бұл «Хабар» телеарнасында 14 желтоқсанда басталатын «Мен неге Қазақстанды және қазақстандықтарды жақсы көремін» жобасы аясындағы кино сериялар, сондай-ақ Қазақстандағы пандемия туралы деректі фильм.

Сонымен қатар, «Журналистика» мамандығының 4 курс студенттері Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылкибаевамен онлайн-кездесу өткізді. Ксенияның денсаулық сақтау жүйесіндегі PR маман ретінде 10 жылдық тәжірибесі бар, осы жылдар арасында жинақтаған тәжірибесімен студенттермен қуана бөлісті.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі баспасөз қызметінің өзіндік ерекшеліктері мен белгілі бір қиындықтары бар, ал пандемия кезінде PR саласындағы мамандардың рөлі айтарлықтай өсті. Ксения Жылкибаева халықпен жұмыс істеу, әртүрлі дүрбелең кезеңдерден өту, әлеуметтік желілердегі жағымсыз пікірлерді талдау, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жақсы қарым-қатынас орнату сияқты қызықты тақырыптарды да қозғады.

- Егер сіз журналист ретінде немесе денсаулық сақтау жүйесінің баспасөз маманы ретінде жұмыс жасағыңыз келсе, міндетті түрде қосымша білім алыңыз, көбірек оқыңыз, өз салаңыздың кәсіби маманы болу үшін осы саланы тереңірек зерттеңіз. Қазақстандық медицинаға білікті PR-мамандар қажет, - деп кездесуді қорытындылаған Ксения студенттерді әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігімен тәжірибеден өтуге шақырды.

Қабылдау комиссиясы