object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 20:37:03.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Тәжірибелі қызметкердің дәрісі

Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Ерлан Битанов «Экономика», «Қаржы», «Мейрамхана бизнесі және қонақ үй ісі», «Менеджмент» ББ-ның 1-4 курс студенттері үшін дәріс оқыды.

Ерлан Жанғазыұлының дәрісі қазіргі қоғамның «Қаржылық пирамида», «Ойын бизнесі», «Жалған ақша» сияқты өзекті мәселелеріне арналды.

Студенттер Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің күнделікті қызметі жайында көптеген жаңа және қызықты фактілер білді.

Лектор студенттерге департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес біршама функцияларды атқаратынын, сондай-ақ экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеумен айналысатынын айтты.

Қабылдау комиссиясы