«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 1курс студенттерінің «Бастауыш білім берудегі тьюторлық іс-әрекет» пәнінен тәжірибелік дағдыларын дамыту үшін аға оқытушы, PhD доктор Айгүл Қасаболат Қостанай қаласында орналасқан «Аманат и к» балаларды оңалту және түзету орталығында болып қайтты. Студенттер әр түрлі диагноз қойылған балалармен жұмыс жасау тәжірибесімен танысты, құжаттармен жұмыс істеуді үйренді. Орталықтағы педагогтармен пікір алмасып, оқу-әдістемелік құралдарды талдап, әртүрлі жағдайларды көріп, сезініп, тьюторлық сүйемелдеудің жолдарын тәжірибеде бақылап қайтты.
Орталық барлық қажетті әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілген. Балалардың ойын алаңы, аяқ-қол жаттығуларына арналған заманауи тренажерлар, нейро жаттығуларға арналған көмекші құралдардың барлығы бар.Топтық және жеке сабақтар жүргізіледі. Студенттер музыкалық кабинетте, дене шынықтыру бөлмесі, монтесорри кабинет пен логопедиялық кабинетте, нейропсихологиялық кабинеттерде болды. Балалармен жұмыс жасаудың қиындықтарымен танысты. Орталықтың ерекшелігі – директоры Айсұлу Тұрғынбекқызы педагогтармен бірге жылыжайда әртүрлі өсімдіктер өсіреді.
Студенттер тәжірибе-сабағынан әсерлі қайтты, болашақта тьюторлық іс-әрекетті меңгерудің жолдарын талдап, өзара пікір алмасты. Студенттердің пікірі бойынша осындай тәжірибелік жұмыстар болашақ педагогтардың жауапкершілігін арттырады.