object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-26 00:44:22.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Тәжірибеге бағытталған білім

Қостанайға Ресейдің ең ірі автомобиль корпорациясы «КАМАЗ» және Қазан федералды университетінің Набережные Челны институтының өкілдерінен құралған делегация келді. Сапар аясында қонақтар, «КАМАЗ» ҚАҚ бас директорының персоналды басқару, ұйымдастырушылық даму және корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары – Жанна Халиуллина және Қазан федералдық университетінің Набережные Челны институтының ректоры Махмут Ганиев, сонымен қатар «Allur», «СарыарқаАвтоПром» компанияларының өкілдері ҚӨУ-нің ректоры Сейтбек Қуанышбаевпен, Инженерлік-техникалық институттың оқытушыларымен кездесіп, Қостанайда салынып жатқан зауытқа мамандар даярлау, қосдипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асырудағы серіктестік мәселелерін талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының машина жасау саласындағы үкіметаралық келісімі аясында 2021 жылдың маусым айында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті мен Қазан федералдық университетінің (ҚФУ) Набережные Челны институты Қазақстандағы машина жасау саласы үшін кадрларды мақсатты түрде даярлауға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.

Келісімнің арқасында қос дипломды біліммен қатар, профессорлық-оқытушылық құрам мен білім алушылардың біліктілігін арттыруға болады. Ал магистранттар мен докторанттар тағылымдамадан өту құқына ие.

Серіктестіктің алғашқы қадамдардың бірі – 2021 жылдың шілде-тамыз айларында және 2022 жылы ақпан айында техникалық мамандықтардың 3-4 курс студенттері Набережные Челны қаласындағы «КамАЗ» ЖАҚ-та өндірістік тәжірибеден өтті.

Осыдан екі күн бұрын оқу орны басшылығы еліміздегі ірі автомобиль компанияларының тобы Allur АҚ-ның өкілдерімен ынтымақтастық, яғни дуалды оқыту, тәжірибе базасы, жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша кездескен болатын. 1 қазаннан бастап «Машина жасау», «Технологиялық машиналар және жабдықтар», «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» ББ-ның 3-4-курс студенттері жетісіне бір немесе екі рет «СарыарқаАвтоПром» зауытына тәжірибелік, зертханалық сабақтарға барады. Студенттер көліктерді бояу, кузовтарды дәнекерлеу, құрастыру технологиясы бойынша цехтарда тәжірибе жинақтайды.

Өндірістің, бизнестің және білімнің ынтымақтастығы мемлекетіміздің дамуында маңызды рөл атқарады. ЖОО студенттері үшін бұл - дуалды және тәжірибеге бағытталған оқытудың негізі, тәжірибенің барлық түрінен өту мүмкіндігі.

Қабылдау комиссиясы