П.Чужинов атындағы Экономика жəне құқық институтының Əлеуметтік-гуманитарлық пəндер кафедрасының «6В02201-Тарих» білім беру бағдарламасының 2,3-курс студенттері 30 мамырдан бастап өндірістік практиканы Қостанай облысының мемлекеттік мұрағатында өтіп жатыр. Қостанай облыстық мемлекеттік мұрағаты – кафедраның практика базасы, əрі филиалы. Мұрағат қызметкерлері «6В02201-Тарих» мамандығы және осы жылы оқу үрдісіне енгізілетін «Мұрағаттану, құжаттану жəне мұражай ісі» білім беру бағдарламаларын əзірлеуге қатысты.
Студенттер тәжірибе барысында мұрағаттармен жұмыс жасау əдістерін, құжаттарды цифрландыру жəне сақтау тəсілдерімен танысуда.
Əлеуметтік-гуманитарлық пəндер кафедрасының оқытушылары практика базаларында кəсіби бағытталған пəндерді, Мұрағаттану, Тарихи өлкетану пәндерінің əдістемесін өткізеді.