24 қаңтар мен 12 ақпан аралығында 5В010200 – «Бастауыш сыныптарды оқытудың педагогикасы және әдістемесі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Қостанай қаласының білім беру ұйымдарында, физика-математика лицейінде, №1 орта мектепте, сондай-ақ «Әйгерім-Ай» жекеменшік мектебінде педагогикалық тәжірибеден өтті.
Тәжірибе барысында студенттер өздерін мұғалім ретінде сезіне білді. Бұл олардың таңдаған мамандығына жаңаша көзқараспен қарауына, белгілі бір пәнді оқытудың мұғалімге жүктейтін жауапкершілігін толық сезінуге көмектесті.
Тәжірибе кезеңінде студенттер өз бетінше қажетті материалды таңдады, сабақ карталарын әзірледі, алғашқы сынақ сабақтарына материал мен презентациялар дайындады.
Студенттердің алдында мектеп оқушыларының оқытылатын материалды қайталау және бекіту, интеллектуалдық, ойлау, есте сақтау, қабілеттерін дамыту, оқуға қызығушылықтарын ояту сияқты маңызды міндеттер тұрды. Тәжірибе аяқталғаннан кейін бастауыш сынып мұғалімдері студенттерге жақсы мінездеме берді, оларда коммуникативті дағдылар, балалар ұжымын ұйымдастырудағы қабілеттері атап өтілді.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мектеп директорларына, оқытушы-тәлімгерлерге практика кезінде студенттерімізге көрсеткен әдістемелік көмектері үшін алғысын білдіреді.