object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 08:20:33.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Т.Қ. Жүргенов және Алаш арыстары

2023 жылдың 14 ақпанында А. Байтұрсынов атындағы ҚРУ әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы «Т.Қ. Жүргенов және Алаш арыстары» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс – шара аясында 6В02201-Тарих білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттары қатысты, ал қонақ ретінде Қостанай қаласының 8 және 5 орта мектептерінің оқушылары шақырылды. 3 курс студенті Ильясов И., 1 курс студенті Исмаилова Д., магистрант Қарағұл Б. және № 8 орта мектептің 11 сынып оқушысы Топалов Е. баяндама жасады.

Студенттер Ильясов И., Исмаилова Д. Темірбек Жүргеновтың 1920-1930 жылдардағы Қазақстанның білім беру және мәдениет жүйесін дамытуға қосқан үлесі туралы айтып берді. Топалов Е. Әлихан Бөкейхановтың кеңестік кезеңдегі қызметін ашатын баяндама ұсынды. Б. Қарағұл Алаш өкілдерінің және біздің өңір өкілдерінің қызметі туралы айтып берді.

А.Байтұрсынов атындағы ҚРУ-ң зерттеулер, инновациялар және цифрландыру жөніндегі проректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жарлығасов Жеңіс Бақытбекұлы құттықтау сөз сөйледі. Дөңгелек үстелге қатысушыларға тарих ғылымдарының докторы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Айдар Абайұлы Айтмұхамбетов сөз арнады. Спикерлер сөз сөйлеушілерге Алаш партиясының қызметін зерттеуде жаңа ізденістер тіледі.

Дөңгелек үстел ғылыми-танымдық пікірталас жағдайында өтті.

 

Қабылдау комиссиясы