object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-26 07:04:45.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ТҮРКІСТАНДА ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы республикамыздың 10 облысы мен 3 мегаполисі қатысқан ауқымды байқау екі күнге созылды. Байқауға елімізге танымал журналистер Анна Данченко, Мейіржан Әлібекұлы, Гүлжазира Матенова, Жанібек Нұрыш қазылық етті. Бейнесюжеттер өңір туризмі, экологиясы, «Мейірімге мұқтажбыз», «Ауылдан адам көшпейді», жастар мәселесі, «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 30 жылдығына - 30 жоба» тақырыптарына арналды. Журналистер байқаудың бірінші кезеңінде жоғарыда көрсетілген тақырыптарға сюжеттер жасап, өзара бақ сынасты, 2-кезеңде тестілеуден өтті. Ал жазба жұмыстары жол-жөнекей репортаж, жолсапар очеркі, журналистік зерттеу, портрет жанрларында жазылды.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өнірлік университетінің журналистика және коммуникациялық менеджмент каферасының 3-4 курс студенттерінен құралған «Ахмет аманаты» тобы 16 топтың арасынан жүлделі үшінші орынға ие болды.

ҚӨУ-нің болашақ журналистері аталмыш байқауда тәжірибелі мамандардан тәжірибе жинақтап қайтты, өздері сияқты журналистика мамандығын таңдаған студенттермен салаға қатысты жаңалықтармен бөлісті. «Ахмет аманаты» тобының Ахмет Байтұрсынұлының туған өлкесі Торғай жайлы түсірген бейнесюжеті қазылар алқасы мен барша көрермен қауымның көңілінен шықты.

Студенттеріміз бұл жеңісті ұлт ұстазының 150 жылдығына арнайтындарын жеткізді.

Қабылдау комиссиясы