object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-28 11:26:46.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Психологияға жаңа көзқарас

Словакиядан келген ғалым Andrea Letašiová Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттың басшылығымен, педагогика, психология және арнайы білім беру кафедрасының студенттері мен оқытушыларымен бірқатар кездесулер өткізді.

«Педагогика және психология», «Білім берудегі Менеджмент және көшбасшылық» білім беру бағдарламаларының магистранттары мен «Педагогика және психология», «Арнайы педагогика» ББ студенттеріне психологиялық пәндер бойынша дәрістер оқыды.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамына Andrea Letašiová «Балалар мен ата-аналар қатынастарының психологиялық ерекшеліктері» біліктілікті арттыру курстарын өткізді.

Өз кезегінде студенттер мен оқытушылар шетелдік ғалым үшін бірнеше экскурсия ұйымдастырды. Андреа тарихи-өлкетану мұражайында болып, Л. Толстой атындағы Қостанай облыстық кітапханадағы «американдық бұрыштың» қызметімен танысты, И. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында «Таңсұлу» спектакліне қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Andrea Letašiová академиялық ұтқырлық аясында Baitursynuly University-де сабақ береді

Қабылдау комиссиясы