object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 17:30:29.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Студенттердің республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауы

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті «Ахмет Байтұрсынұлы тағылымы» тақырыбында студенттердің республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы өтетіндігін хабарлайды.

Байқаудың мақсаты: Алаш қайраткері, ақын, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы А.Байтұрсынұлының бай мұрасын зерттеу. Онлайн ғылыми-зерттеу байқауына Қазақстан Республикасының ЖООның студенттері қатыса алады.

Байқау 24 ақпан күні сағат 14.00 – де ZOOM платформасында өткізіледі. Конференция идентификаторы: 643 224 4475 Коды: vV5RQh

Байқау тақырыптық бағыттары:

Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш қайраткерлері;

Ахмет Байтұрсынұлы – тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы;

Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық мұрасы.

Байқауға қатысу үшін 17 ақпанға дейін қосымшадағы үлгіні толтырып, 5 бет көлеміндегі мақаланы almdosova@mail.ru электронды мекенжайға жіберу қажет.

Байқаудың шарттарымен толығырақ СІЛТЕМЕ бойынша өтіп, таныса аласыздар.

Қабылдау комиссиясы