object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-26 03:20:37.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Студенттердің қала және аудан әкімдіктерінің өкілдерімен кездесуі

Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы 9,10, 11 наурызда "Серпін-2050" "Мәңгілік ел жастары-индустрияға" мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқитын студенттер мен облыстың 4 қаласы және 16 ауданы әкімдіктерінің өкілдерімен онлайн - кездесулер ұйымдастырды. "Серпін-2050" мемлекеттік бағдарламасы 2014 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Ағымдағы кезеңде біздің университет "Серпін-2050" бағдарламасы бойынша 949 студентті мамандыққа баулыды. Осы оқу жылында ҚӨУ-ін білім беру бағдарламаларының 13 бағыты бойынша 101 студент тәмамдайды.

Түлектерді жұмысқа орналастыру университеттің ғана емес, біздің аймақ басшыларының да басты міндеті болып табылады. Аудандық жұмыспен қамту орталықтарының мамандарымен, аудан және қала әкімдерінің орынбасарларымен өткен кездесу барысында облыс бойынша бос жұмыс орындары туралы мәлімет берілді, сондай-ақ біздің түлектеріміз барлық мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттандырылды. Жұмысқа орналастыру, тұрғын үй мәселелері талқыланды. Көптеген аудандар жас мамандарды қолдау және оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы сөз қозғады. Егер бұрын қалаларда жұмысқа орналасу басымырақ болса, бүгінде көптеген студенттер "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша аудан мен ауылдарға баруға ниет білдіріп отыр.

Қазіргі уақытта Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтардың, оның ішінде "Серпін – 2050" жобасы түлектерінің өмір сүруіне қолайлы орта құруға бағытталған "Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері" ұлттық жобасын әзірледі. Ағымдағы жылдың наурыз айында осы жобаның ережелерін бекіту жоспарлануда.
Кездесу өте мазмұнды болды, студенттер барлық сұрақтарға жауап алды.
Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы "Серпін-2050"бағдарламасын жүзеге асыру бойынша университет пен әкімдіктің өзара бірлесіп жұмыс жасауы бойынша кешенді жоспар әзірледі.

Қабылдау комиссиясы