20-22 сәуірде Павлодар педагогикалық университетінде «6B01710 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша ҚР жоғары оқу орындары студенттері арасында түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орайластырылған ХІV Республикалық пәндік олимпиада өтті.
Республикалық пәндік олимпиадаға барлығы 17 командасы қатысты.
Аталмыш білім додасына А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің «6B01710–Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 3-4 курс студенттері қатысып, жүлделі 3 орынды жеңіп алды.
Олимпиаданың өткізілу мақсаты – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алатын студенттердің әдеби-тілдік, ғылыми-танымдық, әдістемелік білімдерін анықтап, ақыл-ой әлеуетін тереңдетуге бағыт беру, теориялық білімдерін бағалау, пәндік құзыреттіліктерін сараптау.
Олимпиаданың өткізілуі 3 кезеңнен тұрды:
1-кезең – Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану бойынша тест тапсырмаларын орындау.
2-кезең – Эссе жазу
3-кезең – Сабақ беру үлгісін көрсету (20 мин).