А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің бір топ зерттеушілері «COVID-19 туралы жалған мәліметтердің мазмұнын талдау» халықаралық жобасындағы жұмыстарын аяқтады. Жобаны Орталық Азиядағы соғыс және бейбітшілікті жариялау институты (IWPR) ұйымдастырды. Біздің университеттің командасын Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының меңгерушісі Амангелді Шөрентаевтың жетекшілігімен Аружан Жакупова, Юлия Стеценко, Гүлден Жүзенова, Зарина Мырзатаева және Зината Кучекпаева сияқты «Журналистика» мамандығының белсенді студенттері құрады.
- Бір ай бойы ғылыми кеңесшімізбен бірге бастапқы дереккөздерді анықтадық, интернеттен табылған материалдарды жіктеп, талдадық. Бізге көптеген белгісіз топтар мен аккаунттарды анықтап, ел арасында таралып кеткен жалған хабарламалардың көздерін табу үшін әлеуметтік желілердегі көптеген бейнероликтерді қарап шығу керек болды. Бұл жоба мен үшін баға жетпес тәжірибе және болашақта менің кәсіби қызметіме септігін тигізеді деп ойлаймын, - деді Юлия Стеценко өз әсерімен бөлісіп.
Зерттеу 2020 жылдың қараша айында басталды. Зерттеу жұмыстарын бастамас бұрын командалар Factcheck.kz порталының бас редакторы Павел Банников пен «БезБрехни» журналының бас редакторы Александр Гороховскийдің фактчекингтік вебинарларына қатысты. Аталмыш тренингтерден кейін Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан командалары жалған деректерді талдау бойынша бірлескен жұмыс жасады.
Жақында қатысушы командаларға сертификаттар табысталды. Ал зерттеу нәтижелері ғылыми журналдарда және CABAR.asia порталының ресурстарында жарияланады.