object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-26 05:19:26.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Студенттік психологиялық оқулар

А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де Ғылым апталығы аясында П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының психология кафедрасы 6-8 сәуір аралығында «Ғылымнан тәжірибеге» атты студенттік психологиялық оқулар өткізді.

«Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – өзекті психологиялық мәселелерді зерттеу арқылы студенттердің ғылыми дүниетанымын қалыптастыру»,-дейді ұйымдастырушылар. Психологиялық оқулардың модераторлары: психология кафедрасының профессорлары Лилия Саркисян, Анна Клименко, кафедра меңгерушісі, доцент Лазат Урдабаева, қауымдастырылған профессор Ирина Пархоменко, аға оқытушылар Олеся Елчищева, Гүлнара Сатқангулова, Роза Жангалиева, Нұргүл Әубакирова, Аина Рахматулина және кафедраның лаборанты Айжан Желкунбаева.

Іс-шараға «6В03101–Психология» мамандығының қазақ және орыс бөлімдерінің 4 курс студенттері қатысты. Психологиялық оқулар Zoom платформасында онлайн және дәрісханаларда, дәстүрлі форматта өтті. Мұнда психология мамандығының студенттері қазіргі мектеп оқушыларының психикалық денсаулығының өзекті тұстарын, мүмкіндігі шектеулі адамдарды психологиялық-педагогикалық қолдау, сонымен қатар ұйымда кәсіби психологиялық көзқарасты қалыптастыру мәселелерін қарастырды. Студенттер ғылыми зерттеу жүргізуге машықтанды, психология саласындағы эксперименттік және теориялық зерттеулердің нәтижелерімен бір-бірімен бөлісе алды.   

 

Қабылдау комиссиясы