object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-03-14 10:18:25.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Стратегиялық әріптестік

Baitursynuly University әдістемелік инновациялар айлығы аясында «Жұмыс берушілердің университет түлектерінің кәсіби құзыреттерін қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны қылмыстық және азаматтық құқық және процесс кафедрасы мен стейкхолдерлер бірлесіп ұйымдастырды.

Қатысушылар арасында университеттің келісім меморандумдары бар ұйымдардың өкілдері болды: полиция департаменті, прокуратура, Қостанай облысы сот әкімшілігі департаменті, мемлекеттік кірістер департаменті, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті. Сондай-ақ, қылмыстық және азаматтық құқық және процесс кафедрасының оқытушылары, оқу жоспары комитетінің өкілдері, «Құқықтану» және «Сот және құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламаларының 2-3 курс студенттері.

Іс-шараны ашқан экономика және құқық факультетінің деканы Айдар БАЙКИН білім беру бағдарламаларының сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті, бұл бағдарламалар студенттердің алған білімдері мен дағдысын қоғамдық іс-жүзінде қолдануға бағытталған. Ол университет пен жұмыс берушілер арасындағы бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және тиімді өзара әрекеттесудің басқа түрлерін жүзеге асыру қажеттілігін айтты.

Жұмыс берушілер өз кезегінде студенттердің практикалық дайындығын жақсарту үшін бірқатар нақты шараларды ұсынды, атап айтқанда:

Барлық ұсыныстар алдағы уақытта өз күшіне енеді. Іс-шара іскерлік және конструктивті атмосферада өтті.

Қабылдау комиссиясы