Стейкхолдерлерге БЕЛГІЛІ

Еңбек нарығының сұраныстарына ҚӨУ-нің оқыту тәсілдері қаншалықты сәйкес келеді? Педагогикалық институттың жаратылыстану пәндері кафедрасы осы сұраққа жауап іздеді.

Мұнда «Жаратылыстану бағыты бойынша білім беру бағдарламаларындағы қолданбалы пәндерді өзектендіру» тақырыбында стейкхолдерлердің қатысуымен әдістемелік семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – жаратылыстану бағыты бойынша қолданбалы пәндердің мазмұны мен құрылымының қазіргі еңбек нарығы талаптары мен сұраныстарына сәйкестігін талқылау және талдау.

Семинар жұмысына Қостанай қаласының орта білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты: №19 мектеп директоры Анар Кабдулинова, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары, физика-математика лицейінің педагог-зерттеушісі Оксана Дирр, «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының химия пәні мұғалімі, педагог-шебер, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Карина Нугуманова, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының география пәні мұғалімі Меңдігүл Зейнулина.

Қатысушылар қолданыстағы білім беру бағдарламаларын қарастырып, «Биология» білім беру бағдарламасының элективті компонентіне кіретін пәндердің жекелеген бөлімдері мен тақырыптарын талқылады, сондай-ақ оларды заманауи кәсіби талаптарды ескере отырып жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізді.

Мектеп өкілдері жоғары оқу орны мен жұмыс берушілер арасындағы сындарлы диалогтың маңыздылығын атап өтіп, осындай бірлескен іс-шараларға қатысу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді.

Қабылдау комиссиясы