Арнайы педагог – бұл инклюзия сәулетшісі

2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандыру күні! «Арнайы педагогтар» үшін бұл күн күнтізбедегі жай ғана күн емес, нағыз кәсіби манифест!

Бұл – инклюзивті қоғамның негізі аутистік спектрі бұзылған (АСБ) адамдарды оқыту, тәрбиелеу, сүйемелдеу және оңалту са-ласында бірегей құзыреттіліктерге ие сарапшылардың қолымен қаланаты-ны туралы еске салу!

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде 6В019 «Арнайы педагогика» бағыты бойынша мамандар даярлау – бұл теори-ядан әлдеқайда жоғары. Біз Қостанай облысы мен бүкіл Қазақстан үшін кәсіби мамандарды даярлай отырып, студентке бағытталған және практи-каға бағдарланған тәсілдерді іске асырамыз. Студенттерді қосымша кур-старға, практикумдарға, ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлі формала-рына тарту арқылы болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін кеңейту – біздің табысты тәжірибеміз.

Осындай маңызды Күнді қолдау мақсатында бүгін айтулы оқиға орын алды! Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Темірбеков Нұрлыхан Мұқанұлы «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасының студенттеріне «АСБ бар балалармен жұмыстағы мінез-құлықты қолданба-лы талдау (АВА-терапия)» курсын сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табыстады (курс жетекшісі: ППиСО кафедрасының қауымдастырылған профессоры, п.ғ.к. Л.Н. Лиходедова).

– Университетімізде арнайы педагогика мамандарын даярлаудың басты ерекшелігі – оқу бағдарламасының заман талабына сай болуында және тәжірибеге негізделгендігінде. Бүгінгі таңда бұл саланың маңызы өте жоғары. Аталған білім беру бағдарламасы Қазақстанда үлкен сұранысқа ие, – деп атап өтті Нұрлыхан Мұқанұлы.

Арнайы педагог – бұл инклюзия сәулетшісі. Біз әрбір бала үшін жаңа мүмкіндіктер ашу мақсатында тиімділігі дәлелденген озық әдістеме-лерді қазірдің өзінде меңгеріп жүрген студенттерімізді мақтан тұтамыз!

Қабылдау комиссиясы