object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-05-03 11:44:29.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

АРНАЙЫ педагогика: құнды ұсыныстар

Бүгін ҚӨУ-дің педагогика, психология және арнайы білім беру кафедрасында «Арнайы педагогика (IP)» білім беру бағдарламасының мазмұнын талқылауға арналған форсайт-сессия өтті.

Форсайт-сессияға кафедра оқытушылары мен стейкхолдерлер қатысты: Қостанай облысы білім басқармасына қарасты «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған балабақша – мектеп – интернат» КММ директоры Серик Данияров, Қостанай қалалық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің басшысы Жанна Атыгаева, Қостанай қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектептің директоры Жанар Кушанова және Қостанай психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің меңгерушісі Анастасия Жигайло.

Кездесуді кафедра меңгерушісі Роза Калимжанова ашып, IP бағдарламасы бойынша 1-курс студенттері білім алып жатқанын атап өтті.

Кафедраның аға оқытушысы Ольга Казакова білім беру бағдарламасының құрылымы, мақсат-міндеттері туралы айтып, пәндік компоненттер мен инновациялық бағдарламаны құру қағидаттарына кеңінен тоқталды.

Кездесу өзара пікір алмасу мен тиімді әрекеттестік жағдайында өтті.

Нәтижесінде білім беру бағдарламасының мазмұнын түзету бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.

Сонымен қатар қонақтар үшін студенттердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.

Қабылдау комиссиясы