Baitursynuly University-дің Smart-орталығында аға оқытушы Бахтияр Жарлықасов «Кеңінен қолданылатын AI-құралдар мен фреймворктар» тақырыбында дәріс оқыды.
Практикумның мақсаты – студенттерді жасанды интеллекттің тұтас әлемімен таныстырып, AI-пайплайндардың қыр-сырын ұқтыру, мультимодальды генерацияның мүмкіндіктерін сезіндіру және ең қызығы – RAG-боттың шағын прототипіне жан бітіру.
Агенттердің құпиясын ашқан сәт дәрістің ең тартымды бөлігі болды.
«Агент – сіздің орныңызға код жазып, күнделікті тапсырмаларды орындай алатын ақылды көмекші», – деп түсіндірді спикер.
Студенттің жеке тәжірибесіне қатысты сұрағына оқытушы жымиып, былай жауап берді:
«Иә, жарты жыл бұрын сондай агент жасадым. Ол сайтқа кіріп, тапсырмаларды орындап, тіпті оларды студент секілді тапсыратын».
Бұл әңгіме залды күлкіге бөледі де, дәрісті шынайы диалогқа айналдырып, студенттердің есінде ұзақ сақталатын сәтке айналды.
Айтишниктер де өз сұрақтарын қойды:
– Ең жақсы локалды AI модель қайсы? → Бұл құрылғы қуатына, атқарылатын іске байланысты.
– Интернетсіз модельді қолдануға бола ма? → Иә, егер оны жергілікті түрде орнатып алсаңыз, API-кілтсіз де жұмыс істейді.
«Әркім өз агентін жасай алады», – деп Бахтияр Жарлыкасов жастарды батыл қадамдар жасауға жігерлендірді. Ендігі кезек жас айтишниктерде!
Baitursynuly University-де өтіп жатқан барлық дәрістер мен практикумдар AI Week аясында ұйымдастырылды.
AI Week шеңберінде ҚӨУ-дің іс-шараларын ұйымдастыруға Қостанайдағы Astana Hub филиалы – Qostanai Hub @qostanai.hub. қолдау көрсетті.