object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 01:18:38.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Заңгер мамандығының заманауи талаптары

Қылмыстық және азаматтық құқық пен процесс кафедрасы стейкхолдерлермен бірлесіп әдістемелік инновациялар айы шеңберінде «Заңгер мамандығы: қазіргі заманғы талаптарға сәйкес кадрларды даярлау сапасын жетілдіру» тақырыбында пікірталас өткізді.

Пікірталасқа ынтымақтастық туралы меморандумдарға отырған базалық ұйым өкілдері қатысты. Олар – облыстық Полиция департаменті, Экономикалық тергеу департаменті, облыстық прокуратура және Қостанай облысының Сот әкімшілігі департаменті, Қылмыстық және азаматтық құқық пен процесс, мемлекет және құқық теориясы кафедраларының оқытушылары, оқу жоспары бойынша комитет өкілдері, «Сот және құқық қорғау қызметі», «Құқықтану» ББ 2 және 3 курс студенттері.

Басқосу барысында жұмыс берушілердің тілектері ескеріліп, болашақ заңгерлерді даярлау сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды. Облыстық Полиция департаменті кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі А.Жусабаев қоғамдағы киберқылмыспен күресу жағдайына назар аударды. Сарапшылардың пікірінше, бұл қылмыс бір жылмен шектеліп қалмайды. Осы мәселені ескерген ол заңгерлерді оқыту процесіне «Ақпараттық технологиялар» пәнін енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, өйткені бұл бағытта маман тапшылығы айқын сезіледі.

Сот әкімшілігі департаменті бастығының орынбасары А.А.Дүйсенбаев сот практикасын жинақтау және талдау жөніндегі бірлескен жұмыс тобының жұмысы туралы айтып берді. Ол өз тарапынан студенттерге алдағы уақытта дипломдық жұмыс жазу кезінде алынған нәтижелерді қолдана отырып, зерттеу жұмыстарына қатысуға шақырды.

Көтерілген мәселелер бойынша базалық ұйымдарда өндірістік тәжірибеден өтіп жүрген соңғы курс студенттері де өз көзқарастарын білдіріп, болашақта қандай жұмыс орнын таңдайтындары жөнінде шешім қабылдағанын жеткізді.

Іскерлік және сындарлы тұрғыда өткен пікірталаста көтерілген мәселелер мен айтылған ұсыныстар бақылауға алынып, жұмыс барысында қаралатын болады.

Қабылдау комиссиясы