ИНКЛЮЗИВТІ білім берудегі заманауи тәсілдер

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін инклюзивті процесті ұйымдастырудың әдістемесі мен өзекті педагогикалық технологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша педагогикалық бағыттағы профессорлық-оқытушылық құрам үшін біліктілігін арттыру курсы басталды.

Курс тыңдаушылары – педагогикалық салада білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ҚӨУ оқытушылары

Оқу барысында олар қолжетімді және қолайлы білім беру ортасын құруға бағытталған инклюзивті білім беру процесін ұйымдастырудың заманауи педагогикалық технологиялары мен әдістерін меңгереді.

Университет көптеген жылдар бойы инклюзивті тәжірибені жүйелі түрде енгізіп келеді. Бұл бағдарлама Қазақстандағы және шетелдегі инклюзивті мектептер мен әлеуметтік жобалардың озық тәжірибесін зерделеп, бейімдеуге, кейін алған білімдерін болашақ мұғалімдерді даярлауда қолдануға бағытталған.

Оқу интерактивті форматта өтеді және дәрістер мен топтық талқылауларды, рөлдік ойындарды, топтық тапсырмалар мен рефлексияны және кері байланысты қамтиды.

Курс спикері – қоғам қайраткері, инклюзивті білім беру саласының сарапшысы, «Инсайт» бірінші жеке инклюзивті мектептің негізін қалаушы, «Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығы» қоғамдық қорының президенті Салтанат Мурзалинова-Яковлева.

Қабылдау комиссиясы