2022 жылдың 1 ақпанынан 28 мамырына дейін әскери кафедраға түсу үшін құжаттарды қабылдау басталады!
Запастағы офицерді даярлау бағдарламасына бірінші (4 жылдық оқумен) және екінші (5 жылдық оқумен) курстың студенттері қабылданады!
Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасына қабылданады:
- 1 және 2 курс студенттері (4 жылдық оқумен),
- 1,2,3 курс (5 жылдық оқумен),
- 1- оқу жылы (ТжКБ базасында қысқартылған ББ бойынша).
Қажетті құжаттар:
Өтініш (құжаттарды тапсыру кезінде әскери кафедрада толтырылады).
Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме).
Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқа және көшірме).
3х4 см көлеміндегі 4 фотосурет.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығына сәйкес сотталмағаны туралы анықтама.
Студенттің ЖОО-да нақты оқуы туралы анықтама.
Жеке істі рәсімдеуге арналған тезтікпе папка және екі мөлдір файл.
Құжаттарды қабылдау дүйсенбіден бейсенбіге дейін сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжай бойынша жүргізіледі: Абай көшесі, 28, 3 корпус, 1 кабинет "А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің әскери кафедрасы.
Әскери кафедраға түскісі келетіндер үшін барлық маңызды ақпарат орналастырылған арнайы телеграм-чат құрылды.
Сілтеме t.me/joinchat/G6M-aDUu4fFD-6LZ
Сұрақтар туындаған жағдайда @voennaya_kafedra_kostanay аккаунтына немесе 55-84-61 нөміріне хабарласа аласыздар.