Іс-шараға облыстың балабақша меңгерушілері, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының оқытушылары, сондай-ақ Қостанай облысы білім басқармасының өкілдері қатысты.
Хакатонның мақсаты – мектепке дейінгі және педагогикалық білім беру саласында желілік қарым-қатынас құруды жобалау.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет атап өткендей, мектепке дейінгі тәрбие – ұлттық білім беру жүйесінің маңызды бағыттарының бірі. Баланың тұлғасын ерте жастан қалыптастыру үшін барлық құрылымдардың бірлескен жүйеде жұмыс істеуі маңызды.
Мектепке дейінгі білім сапасының басты шарты – білікті педагогикалық құрам. ҚӨУ-нің педагогикалық институтының мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы оқу бағдарламасын үнемі заман талабына сай бейімдеп отырады. Дәстүрлі оқыту әдістерімен қатар келесі бағыттарды дамыту үстінде:
Хакатон аясында кафедра меңгерушісі «Мектепке дейінгі білім: практика мен ғылымды интеграциялау» инновациялық білім беру бағдарламасы бойынша желілік серіктестік моделін ұсынды.
Мұндай серіктестік ортақ мақсаттарға жетуге және ресурстармен алмасуға бағытталған. Оның дәстүрлі ынтымақтастықтан айырмашылығы – барлық қатысушылардың жүйелі өзара байланысында:
Педагогикалық институттың мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі Елена Ли желілік өзара ынтымақтастықтың негізгі артықшылықтарын атап өтті:
Интерактивті сессия барысында балабақша басшылары өзекті мәселелерді талқылады:
Ұсынылған шешімдер қатарында: студенттерге тәжірибе базаларында тәжірибелі тәлімгерлерді бекіту; жас мамандарға әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсету; педагогикалық практика сағаттарын арттыру.
Қостанай облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының аға әдіскері Қарлығаш Көбеева ҚӨУ кафедрасымен ынтымақтастықтың маңызын атап өтті:
- Білім басқармасы мен кафедраның тиімді серіктестігі мектепке дейінгі білімнің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, жаңа буын педагогтарын даярлауға және ата-аналардың білім беру жүйесіне деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.











