object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-03-29 13:24:36.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Шетелдік профессор ҚӨУ студенттеріне дәріс оқып жатыр

А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де «Білім беру саласындағы интеграциялық үдерістер – Болгарияның оң және теріс тәжірибесі» атты София қаласының (Болгария) Химиялық-технологиялық және металлургиялық университетінің профессоры,  инженерия ғылымдарының докторы Димитър Караивановтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның өтуіне мұрындық болған Инновациялық технологиялар орталығы.

Дөңгелек үстел жұмысына университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттер қатысты. Қонақ Болгария Республикасы туралы қызықты оқиғалармен бөлісті және ол өз еліндегі жоғары білім беру жүйесіне, университеттердегі оқу жетістіктерін бағалау жүйесіне тоқталды. Профессор студенттермен қашықтықтан оқу әдістері бойынша жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісті.

Димитър Караиванов А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында машина жасау мамандығының студенттері үшін дәріс оқып жатыр.

Қабылдау комиссиясы