object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 04:20:11.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Үш жақты келісім жасалды

Онлайн форматта Ресей Журналистер одағының Қорған аймақтық филиалы, Қорған мемлекеттік университетінің Журналистика және бұқаралық коммуникация кафедрасы мен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумға сәйкес, 2021 жылдың маусым айынан желтоқсан айына дейін екі университеттің студенттері мен оқытушыларының бірлескен іздеу экспедициялары бойынша жоба жүзеге асырылады. Экспедиция барысында студенттер Қорған облысында (Ресей Федерациясы) және Қостанай облысында (Қазақстан Республикасы) тұратын тың игерушілерді іздейді, кейін олардың есімдері тың игеру батырларын еске алу кітабының электрондық нұсқасына енгізіледі.

Қабылдау комиссиясы