Кешеден бастап қысқы емтихан сессиясының алғашқы емтихандары басталады.
Осы уақытқа дейін университет бірнеше онлайн-кездесулер өткізіп, ағымдағы емтихан кезеңінде емтихандарды өткізудің нысандары мен ерекшеліктері туралы хабардар етті.
Барлық емтихандар қашықтағы форматта және келесі нысандарда өткізіледі:
☑ Moodle немесе Platonus-та компьютерлік тестілеу,
☑ ZOOM немесе BBB-де ауызша емтихан,
☑ Moodle-де шығармашылық тапсырма.
Интернеттің мүмкін болатын іркілістері себебінен техникалық проблемаларды барынша болдырмау үшін әрбір студентке кесте бойынша емтихан басталған сәттен бастап тәулік ішінде (24 сағат) бір рет компьютерлік тестілеу әдісімен емтихан тапсыруға құқық беріледі.
Сондай-ақ, интернетпен проблемалары бар студенттер университетке келіп, жатақханаға орналаса алады. Сессия кезеңінде оқу орны сіздерге интернетке қосылған компьютер және тұратын орын ұсынады.
Емтихандарды компьютерлік тестілеу әдісімен өткізу кезінде прокторингтің автоматтандырылған жүйелері пайдаланылады. Жағымсыз жағдайлардың алдын алу үшін емтихандардағы тәртіп ережелерін бұзбауларыңызды сұраймыз.
Прокторинг қорытындылары күн сайын талданады және талқыланады, студенттер тарапынан төмендегідей бұзушылықтар анықталған жағдайда:
шпаргалкаларды пайдалану,
студенттің бет-әлпеті нашар көрінбеуі, мысалы терезе алдында орналасуы,
емтиханға бөгде адамдардың қатысуы және т. б. жағдайларда емтихан нәтижелері жойылуы мүмкін.
Студенттерді бағалау қорытындыларының шынайылығын арттыру мақсатында ауызша емтихандарды екі оқытушы өткізетін болады.
Емтихан нәтижелерімен келіспейтін болсаңыз, апелляцияға өтініш жаза аласыз (емтихан өткізілген күннен кейінгі күні сағат 12-ге дейін). Бірақ бұл жағдайда апелляцияның себебін дәлелдеу қажет болады. Апелляцияға түскен өтініштерді институттардың апелляциялық комиссиялары қарайды.
Емтихан сессиясын өткізу туралы барлық қосымша ақпаратты Moodle қашықтықтан оқыту сайтынан таба аласыз.
Егер сіздерде түрлі мәселелер мен сұрақтар туындайтын болса, эдвайзерлерге, кафедра меңгерушілеріне, институт директораттарына хабарласыңыздар.
Сәттілік тілейміз!