object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-25 19:40:41.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ҚӨУ-де «СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА!

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті 2014 жылдан бері «Серпін–2050» «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша мамандар даярлайды. Осы уақыт аралығында университет 1000-нан астам жастарды мамандыққа үйретті. Биыл еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінен 200-ге тарта талапкерлерді тарту жоспарда бар. Мақсатқа қол жеткізу үшін оқу ордамыздың өкілдері бүгінде белсенді кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуде. Университет қызметкерлері Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында болып, мыңдаған мектеп оқушыларымен кездесті. Тек Түркістан облысының өзінде 5 аудан орталығы қамтылды, 30 мектептің оқушыларына кәсіптік бағдар берілді. Ал Қызылорда облысындағы кездесуге  976 түлек жиналған. Бұл кездесулердің барлығы университеттің жоғарыда аталған облыстардың білім басқармаларымен тығыз қарым-қатынасы мен ынтымақтастығы нәтижесінде мүмкін болды.

Ал Атырауда Ұлттық тәрбие және кәсіптік бағдар бөлімінің басшысы Қарлығаш Нұрмұхаметова Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарының өкілдері қатысқан жоғары білім форумында болып, университет пен оның білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берді.

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің әлеуметтік желілерінде де кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілуде, ЖОО өкілдері облыстық телеарналардағы бағдарламаларға қатысып, «Серпін-2050» бағдарламасының артықшылықтары туралы жан-жақты әңгімелеп берді. Бір сөзбен айтқанда, университет бұл сапардың барынша нәтижелі болуы үшін барлық мүмкіндікті пайдалануда.

Естеріңізге сала кетейік, «Серпін» бағдарламасының негізгі мақсаты – еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі (Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) ауыл жастарын кадр тапшылығы бар аймақтарда оқытып, жұмысқа орналастыру. Айта кету керек, өткен жылы серпіндіктердің жұмыс өтеу бағдарламасына өзгерістер енгізілді, енді олар Қазақстанның 11 облысының бірінде жұмыс орнын таңдау құқығына ие (бұған дейінгі талап бойынша оқу аймағында жұмыс істеулері керек болатын), сондай-ақ өтеу мерзімі де 3 жылдан 2 жылға қысқартылды. Тағы бір айта кетерлігі, ҚӨУ-де «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алған түлектердің 20 пайызы Қостанай облысында қалады.

Бүгінде университетімізде педагогикалық, ауылшаруашылық, техникалық, IT бағыттарда «Серпін» бағдарламасы бойынша 154 студент білім алуда.

Қабылдау комиссиясы