Baitursynuly University командасы «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша өткен XVII Республикалық пәндік олимпиадаға қатысты.
Жарыс 16-18 сәуір аралығында Шымкент қаласында өтіп, «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» ББ бойынша білім алып жатқан студенттерді біріктірді.
ҚӨУ-ді дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы кафедрасының меңгерушісі Гульфия Сафаргалиева, кафедраның аға оқытушысы Дидар Жумекенова және біздің спортшы-студенттеріміз таныстырды.
Олимпиадаға еліміздің 22 жоғары оқу орнынан келген командалар қатысты. Бағдарлама үш кезеңнен тұрды. Жарыс қорытындысы бойынша ҚӨУ командасы жалпы есепте 2 орынды иеленді.
Жүлдегер студенттеріміз: Баку Рүстем, Дауіт Сұңғат, Болатбек Сәкен, Зухра Таалайбекқызы, Абылханов Тимур, Виктор Плавский.
Құттықтаймыз! Сендермен мақтанамыз!