object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 17:23:55.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Сен ағылшын тілін білесің бе?

Инновациялар айлығы аясында Тілдерді оқыту орталығының оқытушылары Зәуреш Омарова мен Әсем Амантайқызының ұйымдастыруымен «Do you know English?» атты викторина өтті. Викторинаға Экономика және құқық институтының «Қаржы, есеп және аудит» ББ-ның студенттері қатысты. Сабақтың мақсаты – өтілген тақырыптар бойынша материалды қорытындылау.

Студенттер «Toxic» және «Kairas» атты 2 командаға бөлінді. Командалар капитандары Камила Шукашева және Айдана Кадаумен бірге викторина кезеңдерімен танысып, тапсырмаларды орындады. Ойын барысында студенттер белсенділік танытты, әр команданың ұйымшылдығы мен жеңіске деген жігері көрініп тұрды, олар барлық кезеңде жақсы нәтиже көрсете білді.5 кезеңнен өткен «Toxic» командасы 35:29 есебімен жеңіске жетті. Ұйымдастырушылар берілген тақырып бойынша өз білімдерін көрсеткен үздік студенттерді де атап өтті, олар: Дарья Сахавчук, Әлия Әбдіхалықова, Снежана Мельник, Диана Бекмурзина және Арай Шамшенова.

Сөзжұмбақ дайындауға Зәуреш Омарова мен Әсем Амантайқызының топтарының студенттері қатысты.

Қабылдау комиссиясы