object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-26 09:15:41.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Мұғалімдерге арналған семинар

2023 жылдың 16 ақпан күні «Дене шынықтыру  және спорт теориясы мен практикасы» кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы Г.Н.Сафаргалиева және Д.Е.Жумекенованың ұйымдастыруымен «Білім беру сапасын арттыру контексінде оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіру» атты Қостанай облыстық білім беру департаментіне қарасты  қалалық жән аудандық жалпы білім  беретін орта мектептердің дене шынықтыру  пәні мұғалімдерімен аймақтық әдістемелік  семинар өтті.

Семинардың мақсаты:

  1. Дене шынықтыру пәнінің білім беру сапасын арттыру үшін оқытудың әдістерін жетілдіруге ықпал жасайтын факторларды анықтау.

Семинардың міндеті:

  1. Дене шынықтыру сабақтарының сапасын арттыра отырып оқушылардың шығармашылық қабілетін  әр түрлі бағытта зерделеу, зерттеу, түрлі инновациялық әдіс тәсілдерді  қолдану үшін пән мұғалімдерін сапалы сабақ жүргізуге тарту.

Теориялық бөлімде «Білім беру сапасын арттырудағы дене шынықтыру пәнінің рөлі»  тақырыбында кафедра меңгерушісі Г.Н. Сафаргалиева «Денсаулық жағдайында ауытқулары бар оқушылардың дене тәрбиесі» тақырыбында баяндамашы, аға оқытушы  Д.Е.Жумекенова, «Ақпараттық технологиялар арқылы дене тәрбиесі сабақтарындағы иновациялар: тәжірибе,  өзекті мәселелері» жөнінде  Амангелді аудандық білім бөліміне қарасты Жаңа ауыл жалпы  білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Касымов Алим, «Дене шынықтыру сабағында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында   №28  жалпы  білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Тосмагамбетова Багитгуль, Қостанай ауданы білім бөлімінің мемлекеттік тілде оқытатын Заречный жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Жумагулов Ербулан, Меңдіқара ауданы білім бөлімінің  Соснов жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәні  мұғалімі Шайхина Айзат «Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін қалыптастыру», Бейімбет Майлин ауданына қарасты Юбилейный жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәні  мұғалімі Ахмет Бекнұр Ниетқалиұлы  «Ерекше білімді қажет ететін бала сыныпта болса» тақырыптарында тренинг өткізсе, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Ы. Алтынсарин атындағы мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәні  мұғалімі Молдаш Ерғазы «Президенттік көпсайыс түрлері арқылы балалардың дайындық шеберлігін арттыру» тақырыбында өз тәжірибелерінде сабақтарда қолданған әдіс тәсілдерді бейне сабақ ретінде көрсетіп өз ойларын ортаға салды.

«Дене шынықтыру  және спорт» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Байманова  Гульмира «Дене тәрбиесі білім беру қызметіндегі инновациялық және интерактивті технологиялар» тақырыбында  тәжірибелік жұмысын семинар аясында бөлісті. Теориялық бөлім бойынша  семинарға қатысушылар баяндамашыларға  сұрақ қойып, пікір алмасты.

  Практикалық бөлімде Әулиекөл аудандық білім бөліміне қарасты Москалев жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәні  мұғалімі  Әшім Елсұлтан Таксинұлы «Футбол ойынынын балаға пайдасы және тиімді үйрену әдістері» тақырыбында, Қамысты ауданы білім бөлімінің Қарабатыр жалпы білім беретін  мектебінің дене шынықтыру пәні  мұғалімі Болатхан Үмбет «Волейбол ойынынын қабылдау жане шабуылдау техникалары мен әдістерін үйрену» тақырыбында, «Рудный қаласы білім бөлімінің №19 жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәні  мұғалімі Ибраев Руслан  және «Қостанай қаласы  бiлiм бөлiмiнiң №11 жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәні  мұғалімі Ерікова Гүлнұр «Инклюзивті оқыту аясында мектептегі дене шынықтыру сабақтарында қолданылатын әдістер» тақырыбында шеберлік сахаттарын көрсетті.

Қорытынды бөлімде дене шынықтыру пәнінің білім беру сапасын арттыру үшін оқытудың әдістерін жетілдіруге ықпал жасайтын факторларды анықтау жөнінде ойлар ортаға салынып, оқушылардың қабілетін, дарынын, анықтай отырып сабаққа деген қызығушылықтарын  дамыту  мақсатында мектептерде үйірме жұмыстарын жандандыру, дене шынықтыру сабақтарының сапалы түрде берілуі үшін  пән мұғалімдерінің құзыреттілігін  арттыру  керектігі  жөнінде және кафедраға  қарасты білім беру бағдарламалары жөнінде кәсіби бағдар жұмысы  жүргізілді. Семинар соңында аймақтық семинарға қатысушыларға сертификаттар табыс етіліп, ескертіш фото суреттерге түсірілді.

Қабылдау комиссиясы