object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-02-28 18:40:07.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Ауылдық мектеп: мәселелер мен шешу жолдары

Baitursynuly University жаратылыстану пәндері кафедрасында «Шағын жинақты мектептерде білім беру ортасы субъектілерінің өзін-өзі дамыту жағдайындағы педагогикалық шарттар» атты әдістемелік семинар өтті.

Оған ҚӨУ оқытушылары, Қостанай облысы мектептерінің мұғалімдері, бакалавриат пен магистратураның студенттері мен түлектері қатысты.

Жаратылыстану пәндері кафедрасының меңгерушісі - Гаухар Баубекова Қазақстанда шамамен 8 мың мектеп бар екенін, олардың 67%-ы ауылдық жерлерде орналасқанын, ал 51%-ы шағын жинақты мектептер екенін атап өтті. Сонымен қатар Қостанай облысы ШЖМ саны бойынша көш бастап тұр.

Сарыкөл ауданы, Крылов жалпы білім беру мектебінің химия және биология пәні мұғалімі - Светлана Охрименко шағын жинақты мектептерде жаратылыстану ғылымдары бойынша функционалдық сауаттылықты қалыптастыру тәжірибесімен бөлісті.

Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Ақжан негізгі мектебінің география және бастауыш сынып мұғалімі - Татьяна Аникина шағын жинақты мектептерде білім сапасын арттыру талаптары жағдайында географияны оқытудың проблемаларын талдады.

Айта кетейік, ҚӨУ мен шағын жинақты мектептер арасындағы ынтымақтастықтың нақты нәтижелері бар: ғылыми зерттеулерді жетекшілік ету, оқытуға арналған дидактикалық құралдарды әзірлеуде әдістемелік қолдау көрсету, бірлескен беделді басылымдар, ғылыми-теориялық және практикалық іс-шаралар.

Семинар барысында педагогтар мен шағын жинақты мектеп оқушыларының өзін-өзі дамытуы мақсатында ынтымақтастықты нығайту нысандары ұсынылды. Сондай-ақ жаратылыстану пәндері кафедрасының бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламаларын жетілдіру мақсатында әзірлеушілер мен стейкхолдерлердің коллаборация мүмкіндіктері талқыланды.

Қабылдау комиссиясы