Жыл сайын қазан айының ортасында SAGRIS жобасы халықаралық Erasmus Days іс-шарасына қатысып, топтық жұмыс нәтижелерін ұсынады. Эразмус күндерінің дәстүрлі шарасына жобаға қатысушыларының жаңартылған құрамы 14 қазан күні онлайн режимде қатысты. Олар жобаның нәтижелері мен SAGRIS модульдері бойынша блоктық семинарларға және Еуро одақ университеттеріне оқу сапарлармен барған докторанттардың кері байланыстарын ұсынды.
А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті атынан конференцияға әзірлеу тобының мүшесі, жоба үйлестірушісі, серіктес университеттер арасындағы модуль 2 жетекшісі, PhD доктор Индира Айтжанова қатысты. Ол «SAGRIS модульдері. Модуль 2-нің даму тарихы және нәтижелері» тақырыбында баяндама жасады.
Ал 8D08201–Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы білім беру бағдарламасының 3 курс докторанты, модуль 2 бойынша екі блоктық семинарға қатысушы Мадина Смаилова «Модуль 2 «Климаттың құбылмалы жағдайындағы өсімдік және мал шаруашылығының жүйелері» докторанттар көзімен» тақырыбында баяндама оқыды.
Осы іс-шарада алынған ақпарат пен материалдар жоба бойынша одан әрі жұмыс істеуге, сондай-ақ жобаны жүзеге асырудағы қателерді түзетуге пайдалы болады.