object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-26 04:57:43.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Қазақстанға деген махаббатпен! Оңтүстік Кореядан!

Baitursynuly University-дің студенттері Оңтүстік Кореяда өткен Қазақстан Республикасы күні мерекесіне қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, академиялық ұтқырлық аясында біздің бес студентіміз Dong Eui University-де «Машина жасау» мамандығы бойынша білім алуда.

Осы күндері жастар Пусан қаласындағы Қазақстанның Бас консулдығына шақырту алды. Онда Қазақстан Республикасының күніне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараға қазақ қоғамының жергілікті өкілдері, белсенділер мен студенттер қатысты.

Бас консул Аслан Асқар бұл мерекенің маңыздылығын атап өтіп, оны еліміз үшін ең маңызды жыл сайынғы мереке деп атады. Сонымен қатар, шетелде тұратын отандастарымызбен бірге бұл оқиғаны атап өтудің қажеттілігін айтты.

Біздің жастарымыз үшін қуаныштымыз! Мерекеңізбен! Және одан әрі оқуда сәттілік тілейміз!

Қабылдау комиссиясы