object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 05:36:46.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ұрпақтар сабақтастығы барлық жағдайда маңызды

«Полиция қызметкерлерінің әртүрлі экстремалды жағдайлардағы тиімді іс-қимылдары мен мінез-құлық ережелері: психологиялық-тәрбиелік аспектілері» атты ішкі істер органының жауынгерлік және арнайы бөлімдерінің басшыларына арналған оқу-әдістемелік онлайн-семинар жұмысына А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің экономика және құқық институтының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі Әлібек Табылденов қатысты. Іс-шара Ш.Қабылбаев атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай академиясының базасында өткізілді.

Әлібек Табылденов «Ұрпақтар сабақтастығы білім беру нысандарының бірі және ішкі істер органдары қызметкерлері арасында идеологияны қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасады.

Ұрпақтар сабақтастығы дегеніміз - алдыңғы және қатар өмір сүріп жатқан ұрпақтардың материалдық және рухани құндылықтарын, әлеуметтік ақпараттарымен, тәжірибелерімен өзара бөлісу, сіңіру, сақтау және пайдалану процесі.

Ішкі істер органдарының ардагерлері ұрпақтар арасындағы байланысты қамтамасыз етуге ерекше ат салысып жүр, сонымен қатар жылдар бойы жинақталған кәсіби және өмірлік тәжірибелерімен жас буынмен бөлісулері маңызды.

Қабылдау комиссиясы