object(DateTime)#1026 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-06 16:28:05.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ресей, Литва, Түркия, Корея... Көкжиегіміз кеңейе береді!

Өткен оқу жылы Baitursynuly University үшін сапарлар мен халықаралық тағылымдамаларға толы жемісті болды! 89 студент пен 72 оқытушы шетелдік тәжірибе жинақтады.

Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің оқытушылары «Болашақ» бағдарламасы бойынша Литва денсаулық ғылымдары университетінде, сондай-ақ ММУ-де (Ресей) халықаралық тағылымдамадан өтті.

Филология және практикалық лингвистика кафедрасының оқытушылары - Эгей университетінде (Ege Üniversitesi, Түркия) болды.

Студенттеріміз Оңтүстік Кореяның Dong-Eui университетінде машина жасау бағытында алмасу бағдарламасы бойынша оқыды.

«Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының студенттері жыл бойы Литваның Ұлы Витаутус университетінде білім алды.

Олар бүгін Baitursynuly University ректоры Сейтбек ҚУАНЫШБАЕВПЕН кездесуде өздерінің халықаралық тәжірибелері туралы айтып берді.

Әр сапар жайында келесі жазбаларда толығырақ айтатын боламыз. Жіберіп алмаңыз!

Әсіресе талапкерлерге кеңес береміз. Халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлық туралы сөз жүзінде қалдырмайтын университетті ғана таңдаңыздар. Ол бізде барлық салада жұмыс істейді!

Қабылдау комиссиясы