object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 18:15:19.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ресейлік ғалыммен өткен кездесу

Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында биология ғылымдарының докторы, Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің Жануарлар систематикасы және экологиясы институтының және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері Сергей Соловьевпен кездесу өтті.  

Ғалым қазақстандық әріптестерімен Солтүстік Еуразияның жаһандық орнитологиялық проблемалары саласындағы зерттеулерімен бөлісті. С.Соловьевтің баяндамасының тақырыбы мен оның ғылыми қызығушылықтары биологияның жекелеген бөлімдері бойынша жаратылыстану кафедрасы жұмысының ғылыми бағыттарымен сәйкес келді.  

Сергей Соловьев - 379 ғылыми жарияланымдардың авторы. Сонымен қатар, ол Солтүстік Еуразиядағы омыртқалы жануарлардың санын және таралуын анықтауға қатысты ғылыми жобалардың жетекшісі, Омбы облысы мен Алтай өлкесінің Қызыл кітаптарын жүргізу бойынша жұмыс істейді.

Қабылдау комиссиясы