object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 18:52:35.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ресейлік ғалым өз тәжірибесімен бөлісті

А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де қонақта Орал мемлекеттік орман шаруашылығы университетінің (Екатеринбург, Ресей) экология және табиғатты пайдалану кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының докторы Юрий Михайлов. Ғалым академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында қараша айынан бастап «Экология», «Биология», «Биология-химия», «География-биология» білім беру бағдарламаларының 2-3 курс студенттері үшін «Жануарлар мен өсімдіктер экологиясы» пәні бойынша дәріс оқып жатыр. Сондай-ақ ол магистранттарға диссертация тақырыптары бойынша және ғылыми мақалаларды жазу, дұрыс көркемдеу бойынша кеңес береді. Сонымен қатар «Геоэкология және қоршаған ортаны басқару», «Биология», «География», «Химия» ББ-ның магистранттары үшін «Геоэкология және тұрақты даму» дәрістер курсын оқиды.

Ресейлік профессор В.Двуреченский атындағы ауыл шаруашылығы институтының биология, экология және химия және Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының жаратылыстану ғылымдары кафедраларының оқытушыларымен кездесулер өткізіп, ғалымдардың халықаралық рецензияланған, импакт-факторы бар журналдарға ғылыми мақалалар жазу және жариялау мәселелерін талқылады. Тағы бір айта кетерлігі, оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуде әдістемелік көмек көрсететін болады.

Сондай-ақ университеттің ғылыми іс-шараларына үлкен ықыласпен қатысады, атап айтқанда, 25 қарашада ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Мүсілімовті еске алуға арналған «Зоотехния ғылымының заманауи мәселелері» атты IV халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық отырысына қатысты.

Юрий Михайлов 72 сағат көлеміндегі «Жасыл өтпелі дәуір экологиясы: Еуразиялық көзқарас» педагогикалық кадрларды даярлау курсын әзірледі. Курс соңында қатысушыларға сертификат беріледі. Бұл курсты меңгеру нәтижесінде оқытушылар климаттың өзгеруінің антропогендік және табиғи себептері туралы, биосфераның тұрақтылығының шектері және оның биотикалық реттелу негіздері туралы, климаттың өзгеруіне қол жетімді бейімделулер туралы заманауи ғылыми білім алады.

Қабылдау комиссиясы