object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-26 01:36:02.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ресей ғылым академиясымен бірлескен халықаралық жоба

Қостанайға А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің халықаралық қатынастар және шетелдік студенттерді тарту бөлімінің шақыруымен Ресей ғылым академиясының Сібір филиалы Жануарлар систематикасы және экология институтының (Новосибирск) аға ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының докторы Сергей Соловьев келді. Ол студенттермен бірге «Орталық Азия, Бараба орманды даласы мен Солтүстік Еуразияның Қостанай даласындағы ұшу жолының фаунасы мен құстар популяциясының қазіргі жағдайын зерттеу» атты бірлескен халықаралық жобаны жүзеге асыруда.

Бұл жобаның бірінші кезеңінде, қыста, университеттің ғалымдары, студенттері мен оқытушылары Қостанай қаласының тұрғын және саябақ бөліктеріндегі құстардың санын және таралуын анықтаумен айналысады. Бұл сирек кездесетін және жойылып бара жатқан құстардың, сондай-ақ басым құс түрлерінің санын анықтау үшін жасалады. Сонымен қатар қаланың санитарлық-эпидемиологиялық жүйесін бағалауға мүмкіндік береді.

Жобаның екінші кезеңінде Ресей ғылым академиясының Сібір филиалы Экология және өмір туралы ғылымдар институтының Чановский станциясының базасында және Қостанай қаласында бірлескен ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар, тағылымдамалар және эксперименттік материалдарды талдау және толықтыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Ресейлік ғалым далалық зерттеулермен қатар эколог студенттерге «Қоршаған ортаны басқару экологиясы» және университетіміздің ғалымдары үшін «Экология тарихы. Мәселелерге заманауи көзқарас» атты дәрістер оқиды.

Қабылдау комиссиясы