Бүгін Алматыда Орталық Азия елдері ректорларының форумы өтті. Форумға білім министрліктерінің өкілдері, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан университеттерінің ректорлары, сондай-ақ білім саласындағы халықаралық сарапшылар қатысты.
Форум аясында А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің Басқарма төрағасы-ректорының м.а. Ербол Исақаев бірнеше елдердің оқу орындарымен ынтымақтастық орнату мақсатында меморандумдарға қол қойды:
- М.Рысқұлбеков атындағы Қырғыз экономикалық университеті;
- Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті;
- Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (Тәжікстан Республикасы).
Университеттер арасындағы ынтымақтастық академиялық алмасуға, соның ішінде студенттермен алмасуға, оқыту, ғылыми-зерттеу және өзара қызығушылық тудыратын басқа салаларда жұмыс істеу тәжірибесімен алмасуға, сондай-ақ бірлескен білім беру, ғылыми, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге бағытталатын болады.