Тренер – Салтанат Мурзалинова-Яковлева, инклюзивті білім беру және әлеуметтік жобалар бойынша сарапшы, мүгедектердің құқықтары жөніндегі омбудсмен жобалық кеңсесінің мүшесі, Алматы қалалық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның мүшесі. Оның медиа, білім беру және әлеуметтік салада көп жылдық тәжірибесі бар, сондай-ақ тьюторлық қолдау мен инклюзивті коммуникациялар бойынша бағдарламалардың авторы және кураторы.
Қатысушылар шағын топтарда жұмыс істеді, нақты кейстерді талдап, оқыту жағдайларын құрастырды және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу құралдарын талқылады.
Қызу тәжірибе алмасу мен кәсіби диалог бағдарламаның маңызды бөлігіне айналды. Әрбір қатысушы жаңа білім алып қана қоймай, әріптестерінің пікірін тыңдап, тәжірибесін өзінің нақты өмір тәжірибесімен байланыстыра алды.
Төмендегі тақырыптарға ерекше назар аударылды:
Әрі қарай жұмыс педагогтарға пайдалы болатын түрлі форматта жалғасады.
Белгілі бір оқу орны мен студенттік топтың нақты қажеттіліктеріне әдістерді бейімдеуге көмектесетін жекелендірілген сараптамалық қолдау жоспарланған.
Тәжірибелік шеберлік сыныптары мен воркшоптар ұйымдастырылады. Бағдарламаның басқа қатысушыларымен тәжірибе алмасуға арналған онлайн платформа әдістемелік материалдарға да қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, тұрақты тақырыптық сараптамалық сессиялар, тәлімгерлік және жобаларды қолдау шараларын өткізу жоспарда бар.
ҚӨУ-дегі кездесу одан әргі ынтымақтастықтың бастауы болмақ.
Оқу бағдарламасының соңында фокус-топтың қатысушылары одан әргі ынтымақтастық туралы келісті. КӨУ-нің Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығында университет кафедраларымен және Мансаптық өсу орталығымен бірлескен жұмысты жалғастыру жоспарлануда.
Бұл ынтымақтастық университеттердің үшінші Миссиясы мен БҰҰ-ның тұрақты даму Мақсаттарын іске асыруды күшейте отырып, аймақтағы инклюзивті тәжірибені ілгерілету үшін ресурстар мен мүмкіндіктерді біріктіреді.









