Атап айтқанда, аграрлық техника және көлік кафедрасының «Аграрлық техника және технология» 6B08701 білім беру бағдарламасының студенттері оқу процесі мен кәсіби даярлық аясында көрме жұмысымен танысты.
Бұл шара қатысушылар үшін ауыл шаруашылығы техникасының заманауи үлгілерін көруге, инновациялық технологиялармен танысуға және агроөнеркәсіп кешеніндегі озық шешімдерді зерделеуге берілген тамаша мүмкіндік болды.
Студенттер сала өкілдерімен тілдесіп, тәжірибе алмасу арқылы өздерінің кәсіби таным-түсініктерін арттыра түсті.
Мұндай тағылымды шаралар ауыл шаруашылығы саласына қажетті білікті де бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыруға септігін тигізуде.

