object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-19 23:00:55.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Жұмыс беруші ережелерді белгілейді

Baitursynuly University әдістемелік инновация айлығы аясында «Жұмысқа қойылатын талаптар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны азық-түлік қауіпсіздігі және биотехнология кафедрасы мен стейкхолдерлер ұйымдастырды.

Костанай облысының техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің бас маманы Надежда Лисовская Ивановна, сондай-ақ «Өнімдер өндірудегі стандартизация және сертификаттау», «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Азық-түлік және өңдеуші өнеркәсіптердің технологиясы» білім беру бағдарламаларының оқытушылары мен студенттері жиынға белсене қатысты.

Кездесуде білім беру бағдарламаларын кәсіби стандарттармен үйлестіруге айрықша назар аударылды. Себебі қазіргі уақытта жұмыс берушілер білім сапасын бағалау мен сұранысқа ие мамандарды даярлау саласында негізгі рөл атқарады.

- Біз әрдайым түлектер мен студенттерді өндірістік және диплом алдындағы тәжірибеден өтуге қабылдаймыз, оларға алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауға көмектесеміз, – деп атап өтті Надежда ЛИСОВСКАЯ. – Практика болашақ маманның кәсіби дамуына және мансаптық өсуіне үлкен әсер етуі тиіс.

Жоғары білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру барысында азық-түлік қауіпсіздігі және биотехнология кафедрасы жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ еңбек нарығындағы өзгерістерді үнемі бақылап отыруға бағытталған механизмдер құруды мақсат етеді.

Қабылдау комиссиясы