object(DateTime)#1052 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-10-22 22:41:17.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Рухани жәдігерлерге саяхат

Осы аптада ҚӨУ педагогикалық институтының 4-курс тарихшы студенттері ерекше танымдық сапарға аттанды. Олар Затобол ауылындағы шіркеу жанындағы музейге барып, өңір тарихымен жақынырақ танысты.

Бұл танымдық кездесудің ұйымдастырушысы – ҚӨУ қауымдастырылған профессоры Айбек Шалғымбеков.

Профессор экскурсияның мақсатын былай түсіндірді:

– Қоғамдағы тұрақтылықтың негізі – рухани келісім. Болашақ тарих пәні мұғалімдері бірлік пен өзара құрметтің маңызын терең түсінуі керек.

Музейдің жетекшісі Андрей тарихты құр баяндап қана қойған жоқ, өткен күннің елесін көз алдына әкелгендей әсер қалдырды.

Көрмеден Қостанай қаласының алғашқы қалыптасу кезеңдері, қоныс аударушылардың тұрмысы, қазақ және татар халықтарының өмірі мен өңірдегі шіркеулердің тарихына қатысты тың деректерді көруге болады.

Сондай-ақ мұнда көне кітаптар мен сирек сақталған құжаттар, бағалы тарихи фотосуреттер де қойылған.

Ерекше әсер қалдырған жайт – мұрағаттармен атқарылған жұмыс туралы әңгіме. Музей жетекшісінің айтуынша, ҰҚК мен прокуратура қорларындағы деректерді зерттеу нәтижесінде жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған діни қызметкерлер мен монахинялардың есімдері қайта жаңғыртылған.

Студенттер XIX–XX ғасырларға тиесілі көне басылымдарды, уақыт рухын сездіретін түпнұсқа жәдігерлерді тамашалады.

– Храм жанындағы музейде болу біз үшін үлкен әсер қалдырды! – деп ойларымен бөлісті олар.

Мұндай кездесулер жас тарихшыларға өткеннің жай ғана естелік емес, ұрпақтарды байланыстырып тұрған рухани сабақтастық екенін терең сезінуге мүмкіндік береді.

Қабылдау комиссиясы