Бүгін Қостанай өңірлік университетінің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті студенттеріне профессор Gülsüm Songül Ercan (Dokuz Eylül Üniversitesi, Түркия) қатысқан кездесу ұйымдастырылды.
Академиялық ұтқырлық аясында университетімізге дискурс-анализ, социо-, прагма- және гендерлік лингвистика бойынша жетекші түрік ғалымы келді.
Басты мақсат – ҚӨУ оқытушыларымен тәжірибе алмасу, дәрістер мен семинарлар өткізу, студенттердің зерттеу дағдыларын дамыту.
Лекция студенттердің сұрақтарынан басталды:
«Измирде қандай адамдар тұрады?» – Ашық-жарқын, мен сияқты.
– «Студенттерде тілдік кедергі бар ма?» – Иә, басқа тілде лингвистика оқу қиынырақ, терминдер көп.
Кейін шетелдік қонақ өзі сұрақ қоя бастады:
«Шетелдік профессордан не күттіңіздер?»
«Сізбен танысып, тәжірибеңізден үйреніп, лингвистика білімімізді тереңдетеміз деп үміттендік», – деп студенттер бірауызбен жауап берді.
Кездесуде лингвистиканың қиындықтары, ғылыми мәтіндер, Қазақстан мен Түркияда әліпбидің өзгеруі туралы сөз болды.
Маңызды: профессор ҚӨУ-де 15 қазанға дейін болады. Сарапшымен тілдесіп, біліміңізді арттыру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.