2024 жылдың 21 ақпанында «Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Орта Азия» тақырыбына М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің – Азия және Африка елдері институтының Орталық Азия және Кавказ елдері кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Сыздықова Жібек Сапарбекқызы лекция оқыды.
Лекцияның белсенді тыңдаушылары Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының, Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушыларымен 1 және 4 курс студенттері 6В01601 Тарих білім беру бағдарламасының (мұғалімдер), 1 және 2 курс 7М01601 Тарих (оқытушылар) мамандығының магистранттары болды.
31 наурызға дейін жалғасатын лекция курсы Орталық Азия елдерінің жаһандық кеңістіктегі дамуының өзекті мәселелерін қарастырады, тақырыпқа егжей-тегжейлі тарихнамалық шолу жасалады және осы мәселені бірлесіп зерттеу мәселесі қарастырылады. Қазіргі геосаяси жүйе шеңберінде өңірдің Қазақстан мен көршілес елдер арасындағы тұрақты қарым-қатынасының мәселелері бүгінгі күні өте өзекті болып отыр.