object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-19 18:27:47.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

İzzet AKÇA профессоры: өсімдіктерді қорғау туралы

Бүгін сіздерді халықаралық ғылыми ынтымақтастық аясында Baitursynuly University келген Ondokuz Mayıs University (Түркия) екінші профессормен таныстырамыз.

İzzet AKÇA – Ondokuz Mayıs University (Түркия) ауыл шаруашылығы факультеті, өсімдіктерді қорғау кафедрасының профессоры. ҚӨУ-те агрономия және экология кафедрасының студенттері мен магистранттарына «Ауыл шаруашылығы энтомологиясы» тақырыбы бойынша дәрістер оқиды.

İzzet AKÇA сабақтарында студенттер зиянды жәндіктерді анықтау және бақылаудың әдістерін, олардың экожүйедегі рөлін, ауылшаруашылық дақылдарын және әсерінен қорғау жолдарын зерделейді.

Сонымен қатар профессор «Өсімдіктерді қорғау» тақырыбында профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру курстарын өткізеді.

İzzet AKÇA өңірдегі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің ерекшеліктерімен танысты. Профессорды ҚӨУ ғалымдары Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің (NWAFU) әріптестерімен бірлесіп жүзеге асырып жатқан қытайлық элиталық дақылдармен эксперименті ерекше қызықтырды..

Қабылдау комиссиясы